Спорт • 18 Сәуір, 2025

Қазақстандық гимнасттар Әлем кубогының финалына жолдама алды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Спорттық гимнастикадан Дохада өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасының спортшылары жарқын нәтиже көрсетіп, екі гимнаст финалға жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық гимнасттар Әлем кубогының финалына жолдама алды

Фото: ҰОК

Қоссырықтағы жаттығулар бойынша іріктеу кезеңінде Милад Карими тамаша өнер көрсетіп, 14.000 ұпаймен бірінші орын иеленді. Осылайша ол сенімді түрде финалға өтті.

Тағы бір отандасымыз Алтынхан Темірбек тіреуішпен секіру жаттығуында 13.199 ұпай жинап, сегізінші орынмен шешуші кезеңге жолдама алды.

Айта кетейік, Карими мен Темірбек еркін жаттығу бағдарламасының финалында да өнер көрсететін болады. Сонымен қатар Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов қоссырықтағы жаттығуда жүлдеге таласады.

Финалдық бәсекелер 18-19 сәуір күндері өтеді.