Театр • 18 Сәуір, 2025

Ұжданды ұран еткен

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облыстық Ж.Аймауытов атындағы қазақ му­зыка­лық-драма театры ұжымы ел астанасына гас­трольдік сапармен келіп, «Ұждан» спектаклін ұсынды.

Ұжданды ұран еткен

Қойылым Шәкәрім Құдай­бер­діұлының «Ұждан» атты әңгі­месінің желісімен сахналанған. Спектакль адам баласының ар-ұяты, абыройы мен қадір-қасиеті туралы ой қозғайды. Қойы­­­лымның сахналық нұсқа­сын жаз­ған – Нұркен Тұрлы­бек, қоюшы режиссер – Азамат Нығ­манов. Қойылымды тамашалауға Парламент депутаттары, жер­гі­лікті атқа­ру­шы орган­дар­дың өкіл­дері қатысты.

Айта кетейік, гастрольдік тур аясында театр ұжымы Теміртау, Қарағанды қала­лары­на да бара­ды. Гас­троль театр­дың 35 жыл­дығына орай ұйым­дас­ты­рылған. Осы уақыт ішін­де театр ұжымы «Подмос­ков­ные вече­ра» халық­аралық театр фес­ти­­ва­лінде «Үз­дік ан­сам­бль», «Ко­роль Лир» қойы­­лымы үшін «Үз­дік сценогра­фия», «Егіздер» спек­­таклі үшін «Үз­дік режиссу­ра» сияқ­­ты мара­паттарға ие бол­ды.

Сонымен қатар Павлодар ­театры 2024 жылғы «Қазақстан ­театр сыншылары бірлестігі» сый­­­­­­лығының бірнеше аталымы бойынша жеңімпаз атан­ды.