
Талқылау аясында сот процеске қатысушылардың бірқатар өтінішхаттарын қарады.
Одан кейін мемлекеттік айыптаушы айыптау актісін жариялады.
Сот сотталушылардың айыптауға қатысты пікірлерін анықтады.
Сондай-ақ сот іс материалдарын зерттеу тәртібін бекітті: бірінші кезекте жәбірленушілер, содан кейін куәлер, одан соң - сотталушылар сұралады.
Әрбір сұралған тұлғаға қатысты тиісті іс материалдары зерттеледі.
Келесі сот отырысы 2025 жылдың 18 сәуіріне сағат 10:00-ге белгіленді (жұмыс уақытының аяқталуына байланысты).