
Сату үш жеткізу базисі бойынша өтіп жатыр: FCA жеткізу шарты бойынша Текесу станциясы, Теңдік станциясы және Павлодар-порт станциясы.
Қазмұнайгаздың «Каспий» алаңына шығуы – бұл біздің биржамыздың архитектурасының ең ауқымды және жүйелі жеткізушілерге қызмет көрсетуге дайын екендігінің айқын белгісі. Біз кез келген көлемде ЖЖМ-ды сату үшін ашық, бәсекеге қабілетті және технологиялық орнықты жағдайларды қамтамасыз етуге дайынбыз және қабілеттіміз.
Сондықтан бұл оқиға алға қадам басу ғана емес, Қазақстандағы ұйымдастырылған және жетілген отын нарығын одан әрі дамыту үшін маңызды бағдар», – деп атап өтті «Каспий» тауар биржасы» АҚ президенті Мұрат Қадисов.
Ұлттық оператордың қатысуымен өткізілетін сауда қосарланған қарсы аукцион форматында өткізіледі.
Бұған дейін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 12 наурыздағы бұйрығымен көмір, битум, автомобиль бензині, реактивті қозғалтқыштарға арналған отын, дизель отыны және қант кіретін Әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесі бекітілген болатын.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) – 2002 жылы құрылған Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласындағы мүдделерін қорғайтын компания. Қазақстанның мұнай-газ саласының ұлттық көшбасшысы. ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдау, қайта өңдеу және сервистік қызметтер көрсетуге дейінгі барлық өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. Алдағы 10 жылда ҚМГ өсімі ресурстық базаның өсуі, қазіргі өндірістің тиімділігі, құн тізбегін ұзарту, заманауи технологияларды енгізу және көміртегі ізін қысқарту есебінен қамтамасыз етіледі.
«Каспий» тауар биржасы» АҚ – мұнай өнімдерін, көмірді және цементті қоса алғанда, тауарлардың кең спектрімен сауда жасауға маманданған Қазақстанның жетекші биржалық алаңы. «Каспий» тауар биржасы» АҚ Энергетикалық биржалардың еуропалық қауымдастығына (EUROPEX) қауымдастырылған мүше ретінде кіреді. S&P Global халықаралық рейтинг агенттігінің ең жоғары ESG-бағасына ие. БҰҰ Жаһандық шартының толыққанды қатысушысы. Сондай-ақ, «Каспий» – KASE Қазақстан қор биржасының ресми листингіне енгізілген елдегі жалғыз тауар биржасы.