
Асқар қызыл жалынға қорғаныш киімінсіз кіріп, алдымен әжесі мен немересін алып шығады. Содан соң көрші пәтердегі 10 жасар баланы да аман алып қалған. Алайда өзін қатты күйік шалып, төрт күннен кейін көз жұмды. Асқардың ерлігі ел есінде қалды. Сол жылы «Жыл батыры» атанып, отбасына пәтер берілді. Адам жанын арашалап қалу – нағыз ерлік.