Аймақтар • 16 Сәуір, 2025

Қостанайда «Жас сарбаздар балы» өтті

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жеңістің 80 жылдығына орай, Бауыржан Момышұлы атындағы 5-ші мектеп ұжымы ұйымдастырған дәстүрлі би кеші биыл Жастар сарайында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайда «Жас сарбаздар балы» өтті

Іс-шараға аталған білім ордасы мен Рудныйдағы №14-ші мектеп-гимназияның 9-11 сыныбында оқитын 80 жұп қатысты.

Н.Құлабай

«Дәстүрлі бал кеші жастардың мәдениетін қалыптастырып, этикалық дағдыларын дамытуға бағытталып отыр. Біздің мектептің оқушылары бесінші сыныптан бастап хореографияны үйренеді. Іс-шараға бірнеше ай бойы дайындалдық. Ұл балалар арнайы әскери киім киіп, қыздарымыз ақ көйлек киіп, гүлдей құлпырып шықты. Шәкірттеріміздің өнері көпшілікке ұнады деген ойдамыз», дейді мектеп директоры Жанар Есенова. 

Қостанай облысы