Спорт • 15 Сәуір, 2025

Жарыс күнделігі

0 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шайбалы хоккейден елі­міздің әйелдер құрамасы ІА дивизионындағы әлем чем­пио­натын сәтті бастады. Тұсау­ке­сер кездесуде қыздарымыз Оңтүстік Кореяны 4:2 есебімен еңсерді. Ойыншылар арасынан Юлия Буторина, Мунира Саяхатқызы, Надежда Фили­монова, Анна Пяткова мерген­дік танытты.

Жарыс күнделігі
  • Халықаралық конькишілер одағы (ISU) мәнерлеп сырғанау­дан 2027 жылғы әлем чемпионаты Финляндияның Тампере қаласында өтетінін ресми түрде растады. Жарыс жалауы 15-21 наурыз аралығында желбірейді. Биылғы Гран-при додаларын мына мемлекеттер қабылдайды: Франция (17–19 қазан), Қытай (24–26 қазан), Кана­да (31 қазан – 2 қараша), Жа­пония (7–9 қараша), АҚШ (14–16 қараша), Финлян­дия (21–23 қараша). Финалдық сайыс 4–7 желтоқсан аралығын­да Жа­понияның Нагоя қаласын­да ұйымдастырылады.
  • Таеквондодан Сербия­ның астанасы – Белградта өткен Serbia Open G1 халықаралық турнирінде еліміздің құрама­сы мол олжаға кенелді. Кадет­тер екі алтын, бір күміс, үш қола медальды иеленсе, жас­өспірімдер төрт алтын, бір қоланы еншіле­ді. Нәтижесінде, жалпы есепте жерлестеріміз бірінші орын­ға ие болды. Же­келеген таеквондошылар арасынан Хам­зальпер Ромашкин, Диас Байдоллаев, Теміржан Тас­қын, Нұрперзент Саматұлы, Қа­нат Рахымберді, Егор Шаптефраць қарсылас шақ келтірмей, бас жүлдені олжалады.
  • 11–13 сәуір аралығында Францияның Мец қаласында үстел теннисінен WTT Youth Star Contender Metz халықаралық турнирі өтеді. 19 жасқа дейінгі (U19) спортшылар арасын­дағы жарыста қарағандылық Алан Құрманғалиев те өнер көрсетеді. Қазақ спортшысы жекелеген сында және ұлыбританиялық Коннор Грин­мен бірге жұптық бәсекеде бақ сынайды.
  • Футболдан УЕФА Чем­пиондар лигасының ширек финалының алғашқы кез­­де­сулері өтті. Бәсекелердің үше­уінде алаң иелері жеңіс то­йын тойлады. Лондонның «Ар­сеналы» Мадридтің «Реа­лы­­ның» қақпасына жауап­сыз үш гол соқты – 3:0. «Барсе­лона» Дортмундтан келген «Борус­сияның» тас-талқанын шығарды – 4:0. Париждің ПСЖ-сы «Астон Вилланы» еш қиналмай ұтты – 3:1. Мюнхеннің «Бавариясы» өз алаңында «Интерге» есе жіберді. Қарымта матчтар 16–17 сәуір күндері өтеді.