
Ал тағы екі жұмысшы міндетті медициналық тексеруден өтпеген болып шықты.
- Ас үйден алынған 9 сынамадан ішек таяқшасы бактериялары, дайын тағамдардың 6 үлгісінен зиянды микроорганизмдер анықталды. Ал дәнді дақылдар көкөністер қоймасында сақталған. Асханада дымқыл тазалау жүргізілмеген, - дейді департамент басшысы Мұхтар Сербаев.
Ведомство басшысының айтуынша, сараптама қорытындысы сотқа дейінгі тергеу үшін полицияға берілген. Қазір асхана жабық. Бірақ оқушылар оқуын жалғастырып жатыр.