Ғалам ғажаптары • 12 Сәуір, 2025

Тылсым ұқсастық

52 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақтың қос ғарышкері Тоқтар Әубәкіров пен Айдын Айымбетов­тің ұқсастықтары өте көп.

Тылсым ұқсастық

Біріншіден, екеуі де бір айда, бір күнде дүниеге келген. Т.Әубәкіров 1946 жылы, А.Айымбетов 1972 жылы туған. Екіншіден, қос ғарышкер де – Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесінің түлектері. Тоқтар Оңғарбайұлы 1969 жылы, ал Айдын Ақанұлы 1993 жылы оқуларын аяқтаған. Арасы – 24 жыл. Үшіншіден, бірі ғарышқа 1991 жылы ұшса, екіншісі 2015 жылы көк жүзіне көтерілді. Арасы тағы да 24 жыл. Ең бір қызықты сәйкестік, Тоқтар Оңғарбайұлының ғарышқа ұшқандағы командирі Александр Волков болса, ал Айдын Ақанұлының командирі – Александр Волковтың ұлы Сергей Волков еді. Мұның бәрі жай кездейсоқтық болуы мүмкін бе? Әй, қайдам? Біздіңше, мықтылар арасында тылсым ұқсастықтың болатыны сөзсіз...