Президент • 11 Сәуір, 2025

Мемлекет басшысы «Тассай» индустриалды аймағын аралап көрді

62 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаевқа индустриалды аймақта жалпы инвестиция сомасы 44,5 миллиард теңге болатын 33 кәсіпорын ашылғаны жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы «Тассай» индустриалды аймағын аралап көрді

Сонымен қатар мұнда қосымша 800-ге жуық жұмыс орнын қамтамасыз ететін 9 инвестициялық жоба іске асырыла бастады. 

Мемлекет басшысы жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, құрылыс және жиһаз өндірісінің өнімдері қойылған көрмемен танысты. 

Сондай-ақ Президентке Aksa Enerji Üretim A.Ş компаниясының инвестициялық құны 350 миллиард теңге болатын бу-газ электр стансасының құрылысы туралы мәлімет берілді. 

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД нарығына автотрансформаторлар, маймен істейтін күштік трансформаторлар мен реакторлар шығаратын Asia Trafo зауытының өндірістік желісін аралап көрді.