Форум • 11 Сәуір, 2025

Ассамблея жастарының форумы

40 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қызылордада «Сыр елі – достық мекені» атты Ассамблея жастары форумы өтті. Қаладағы Достық үйінен басталған форумға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенатының депутаты Нұрия Ниязова, Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев қатысты.

Ассамблея жастарының форумы

Облыс әкімі форум жұ­мысына сәттілік тілеп, еліміздің әр өңірінен жиналған жастарды Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерекесімен құттықтады. Жастарға өңірде қолға алынған бас­тамалар туралы айтып өтті.

Ассамблеяның 30 жылдығы аясында Қызылорда қаласында Достық үйі бой көтеріп келеді. Алда келе жатқан Қазақстан хал­қының бірлігі мерекесі күні облыс орталығынан Шығармашы­лық академиясы ашылып, қайта жаңғыртудан өткен заманауи демалыс паркі ел игілігіне пайда­лануға беріледі.

Сенат депутаты  Нұрия  Ниязова жастар ассамблеясы жүзеге асырып келе жатқан жобаларға тоқ­талды. Жастар ұйымдары өкілдері елімізде волонтерлікті дамытуға да үлкен үлес қосып келеді.

Форум отырысында Ғылым және жоғары білім министрлігі­нің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақер­ке Абылайхан, «Ассамблея жастары» республикалық қоғам­дық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев жасампаз істің басында жүретін жастарға сәттілік тіледі.

Республикалық форумға елі­міздің әр өңірінен келген жас­тардың қатысуымен Қорқыт ата атындағы Қызылорда уни­вер­си­тетінің «Kyzylorda Hub» коворкинг орталығында «Жасан­ды интеллект: мүмкіндігі­ мен әлеуеті» тақырыбында секция жұмысы өтті. Оның аясында университет жанынан «Студенттік ассамблея» орталығы ашылып, төрағалығына өңірлік «Ассамблея жастары­ның» белсендісі Исмаил Махадинов таға­йындалды. «Жасыл бола­шаққа – жас­тармен бірге!» ұранымен оқу орнының ботаникалық бағын­да ағаш егу акциясы ұйым­дастырылды.

Ал «Болашақ» университе­тін­де өткен секциялық отырыс жұмыс­­шы мамандығының маңызды­лы­ғын арттырып, жас­тардың кәсіп­тік бағдарын ай­қындауға ар­налды. Форум қонақтары уни­верситет инфра­құрылымымен, арнайы кабинеттермен, жылыжай жұмысымен танысты.

Форум қонақтары осыдан 100 жыл бұрын ел орталығы атанған қаланы аралап, «Қорқыт ата» мемориалды кешені мен «Байқоңыр» ғарыш айлағына экскурсия жасады. Сапар соңында жастар ҚХА-ның 30 жылдығы эмблемасы бейнеленген тудың ғарышқа ұшырылғанына куә болды.

 

Қызылорда