
Көрменің басты экспонаты — табиғатта сирек кездесетін «Жерорталық көк тас» атты гауһар. Оның салмағы 10 карат. Асыл тас келесі айда Женевада бәссаудаға шығарылады. Бастапқы бағасы 20 миллион доллар деп белгіленді. Ұйымдастырушылар көрмені Әбу Дабиде өткізудің өзіндік себебі бар екенін айтады. Себебі мегаполисте қымбат асыл тастарға деген сұраныс өте жоғары.