Ғалам ғажаптары • 11 Сәуір, 2025

ЖИ газет шығарды

37 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италиялық «Il Foglio» газеті толы­ғы­мен жасанды интеллект әзірлеген алғашқы нөмірін жария­лады.

ЖИ газет шығарды

Бұл – әлемдегі журналистика саласында бұрын-соңды болмаған ерекше тәжірибе. Газеттің бас редакторы Клаудио Черазаның айтуынша, төрт беттік «Il Foglio» басылымының бұл нөмірін толығымен жасанды интеллект дайындаған. Журналистер тек сұрақ қойып, ЖИ-дің берген жауаптарын оқыған. Аталған газет дүңгіршектерде де, онлайн түрде де сатылымға шыққан.