Аймақтар • 10 Сәуір, 2025

Ақмола облысында құтқарушылар тасқынның алдын алды

83 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола, Қарағанды облыстарының ТЖД құтқарушылары мен әскери қызметшілері 5 күн бойы Ақмола облысының Ақкөл ауданына қарасты Еңбек ауылында апатпен күресті, деп жазады Egemen.kz.

Ақмола облысында құтқарушылар тасқынның алдын алды

Фотолар: ТЖМ баспасөз қызметі

Жарлыкөл көлінде су деңгейі көтерілген. Сөйтіп, елді мекенде үйлерді су басу қаупі туындаған.

Бөгетті нығайту бойынша құтқарушылар жедел шаралар қабылдап, 40 тонна инертті материал жеткізілген, тек соңғы тәулікте шамамен 20 мың текше метр су сорылып, 5 мың қапшық төселген.

тжм