Петропавлдық кей шенеуніктер арасында осындай түсінік қалыптасқанына қала аралаған сайын көз жеткізуге болады
Облыс орталығының басты көшелері ағаштан кенде дей алмаймыз. «Жасына жетіп, қартайғандары», бір жағынан, электр, телефон байланысы желілеріне бөгет болмасын деген ниетпен кесіліп тасталады. Көктемге қарай орны опырайып қалған жерлерге мүмкіндігіне қарай жас көшеттер егіліп жатады. Мұндай игі шаралардың атқарылуы, яғни қаланы, қоршаған ортаны жасыл желекке орауға, экологияны жақсартуға деген ұмтылыс құптарлық болғанымен, «әттеген-айлар» да кездесіп қалатыны көңілге кірбің ұялатады.
Биыл жазғытұрым К.Сүтішев және Мир көшелері қиылысында «Самовар» дәмханасынан «Рахмет» сауда үйіне дейінгі аралыққа ардагерлердің қатысуымен өткен акция барысында ондаған түп ақ қайың отырғызылды. Жапырақтары қылтиып шыға бастаған ағаштардың бұтақтары бір-біріне тиюге жақын тұр. Соңыра бойлап өскен кезде Абай көшесіндегі қайыңдардай шолтитып кесіп тастамақ па?
Мамыр айының соңында тағы бір қызық науқанның куәсі болдым. Өзім тұратын «Береке» шағын ауданындағы Ә.Досмұхамбетов көшесіне жапырағы шығып қалған, бойы 2 метрден асатын 13 түп қайың егілді. Өсіп кетсе екен деген тілеудемін. Бірақ қазірдің өзінде олардың жас сәбидің алақанындай болып өсіп қалған жап-жасыл жапырақтары қурай бастаған. Өйткені, егетін кезі өтіп кеткен.
Ешкімге пайдасы жоқ науқаншылық кімге қажет болды екен? Әлде қала бюджетін майшелпекше көретін бәзбіреулердің әдейі жасап отырған көрпе астындағы жасырынбақ ойын-ермегі ме?
Нұрсайын ШӘРІП.
ПЕТРОПАВЛ.

«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Бүгін, 12:12
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 11:12
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Оқиға • Бүгін, 10:50
Жасөспірімдер Алматы тауларынан түсе алмай қалған
Қоғам • Бүгін, 10:34
Әлем нарығында мұнай бағасы 2 долларға арзандады
Экономика • Бүгін, 09:43
2 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:30
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:17
Алматы облысындағы танымал туристік бағыттар қоқыстан тазартылды
Аймақтар • Кеше