Қоғам • 09 Сәуір, 2025

Алматыда ерекше қажеттіліктері бар жастарды қолдау күшейеді

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ерекше қажеттіліктері бар жастарды қоғамдық өмірге тарту маңызды. Олардың өмірден өз орнын табуына барынша жағдай жасалуы тиіс. Бұл туралы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Алмаз Кеңесбай өңірлік коммуникациялар қызметінде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда ерекше қажеттіліктері бар жастарды қолдау күшейеді

Ел жастарының ең көп бөлігі тұратын Алматыда инклюзивті орта құруға және ерекше қажеттіліктері бар жастарды қолдауға бағытталған «Әрбір адам маңызды» жобасын іске асыру жалғасуда. Мамандардың айтуынша, бұл жобаны мемлекеттік қолдау шешуші рөл атқарады. Себебі Инклюзивті бағдарламаларды жүзеге асыру – тек әлеуметтік әділеттілік мәселесі ғана емес, сонымен қатар Алматының тұрақты дамуына бағытталған мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі.

Алмаз Кеңесбай, жоба орнықты институционалдық және қаржылық қамтамасыз ету негізінде іске асырылып жатқанын атап өтті.

«Мемлекеттік ресурстар материалдық-техникалық базаны нығайтуға бағытталуда. Онсыз барлық жастардың өзін өзі жүзеге асыру мүмкіндіктеріне тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мүмкін емес. Жобаның маңызды бөлігі – барлық деңгейдегі ұйымдармен өзара іс-қимыл орнату. Бұл жекеменшік сектордан бастап, білім беру мекемелері мен үкіметтік емес ұйымдарға дейін жалғасады. Жоба бір реттік бастама емес, Алматыда инклюзивті қоғам құру стратегиясының бір бөлігі» дейді ол.

Жобада әлеуметтік интеграцияға ерекше назар аударылады. Тұрақты мониторинг жүргізіліп, қажет болған жағдайда бағдарламаға ағымдағы қажеттіліктерге сәйкес келетіндей өзгерістер енгізілмек.