Салық • 09 Сәуір, 2025

ҚҚС өсімінен бюджетке 3 трлн теңгедей қосымша түсім түседі

64 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚҚС мөлшерлемесін 16%-ға дейін арттыру бюджетке 3 трлн теңгеге жуық қосымша түсімдер алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

ҚҚС өсімінен бюджетке  3 трлн теңгедей қосымша түсім түседі

ҚҚС мөлшерлемесін арттыру есебінен мұнай кірістеріне тәуелділікті азайтуға, Ұлттық қордағы жинақтарды тұрақтандыруға және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыратын басым жобаларды қаржыландыруға болады.

«ҚҚС-мен байланысты салық реформасы мәселесі ерекше назар аударуды талап етеді.  Базалық мөлшерлеме – 16%. Неліктен? Себебі ҚҚС – республикалық бюджеттің ең үлкен кіріс көзі. Қосымша түсімдер шамамен 3 трлн теңге деп болжануда. Бұл жолдарға, мектептерге, ауруханаларға, инфрақұрылым мен қорғанысқа және дамуға арналған ақша», деді Мәжілістің жалпы отырысында жаңа Салық кодексінің жобасын бірінші оқылымда талқылау кезінде Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин. 

ҚҚС мөлшерлемесін 16%-ға дейін арттыру мұнайдан түсетін кірістерге тәуелділікті азайтуға, Ұлттық қордағы жинақтарды тұрақтандыруға, азаматтардың тұрмыс сапасын арттыратын басым жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді. Дегенмен, бизнес дегеніміз – ол адамдар, компаниялар және тағдырлар екенін түсіне келе, сараланған мөлшерлемелер енгізілуде. Қазір шаруа қожалықтары ҚҚС төлемейді, ал заңды тұлғалар – ауыл шаруашылығы өндірушілері ҚҚС-ты 30% мөлшерінде төлейді. Бұл жаңа Салық кодексінде сақталады. Бұл ретте ҚҚС-тың тағы екі мөлшерлемесі көзделуде – медицина саласы үшін – 10% және экспорт пен жеңілдігі бар санаттар үшін – 0%.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50