Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Қостанай қаласындағы №9 қазақ орта мектебіне көрнекті ақын, жазушы Ғафу Қайырбековтің есімі берілді. Қостанай қаласында басты көшелердің бірі де қазақ поэзиясының дүлдүлі есімімен аталады. Ғафу ақын:
«Қайда жүрсем, сені есімнен тастамай,
Өтіп кетті жақсы жыл мен жас талай.
Менің атым сағыныш боп өзгерді,
Сағынышқа қолыңды бер, Қостанай!»
деп жырлаған туған жерінде көше мен мектеп тұтас ансамбль құрып тұрғанын жұрты қалаған еді. Біраз күттірген жылдардан кейін ақын жырларына тәнті халқының тілеуі орындалды.
– Туған жері азаматын, ақынын сыйлап, білім ошағына Ғафекеңнің атын бергеніне ризамын. Мектеп оқушылары атасының атына кір келтірмей, білімді азамат болсын, – деді ақынның жары Бәдеш Хамзина. Салтанатты іс-шарада Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М.Қалиев, ақындар А.Шаяхмет, С.Оспанов, Н.Мұқатов, жазушы-сатирик Ғ.Ахметчин, тіл жанашыры Қ.Орманов, Жангелдин ауданы әкімінің экономика жөніндегі орынбасары Д.Серікұлы, №9 орта мектеп директоры Ә.Молдахалықов және облыстық тілдерді дамыту басқармасының өкілдері қатысып, жылы лебіздерін білдірді.
Осы шараға орай ақынға арналған әдеби кеш өтті. Мектепте Бәдеш апайдың бастамасымен және оның ізденуімен, көмегімен Ғафудың музейі жасақталған еді. Кешке қатысушылар осы музейді аралап көрді, білім ошағының өнерлі балалары қойған концертті тамашалады.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА
«Егемен Қазақстан».
ҚОСТАНАЙ.

«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Бүгін, 12:12
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 11:12
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Оқиға • Бүгін, 10:50
Жасөспірімдер Алматы тауларынан түсе алмай қалған
Қоғам • Бүгін, 10:34
Әлем нарығында мұнай бағасы 2 долларға арзандады
Экономика • Бүгін, 09:43
2 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:30
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:17
Алматы облысындағы танымал туристік бағыттар қоқыстан тазартылды
Аймақтар • Кеше