Әлем • 07 Сәуір, 2025

Израильдің оңтүстігіндегі зымыран шабуылынан бірнеше адам зардап шекті

56 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жексенбі күні кешкісін Газа секторынан атылған зымырандардың салдарынан Израильдің оңтүстігінде бірнеше адам жарақат алды. Олардың бірі – 30 жастағы ер адам – жарықшақ жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Бұл жөнінде Израильдің жедел жәрдемінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Израильдің оңтүстігіндегі зымыран шабуылынан бірнеше адам зардап шекті

Фото: Reuters

«Медицина қызметкерлері жарықшақтан жеңіл жараланған 30 жастағы ер адамға алғашқы көмек көрсетіп, оны Барзилай ауруханасына жөнелтті. Сонымен қатар, зымыран шабуылы кезінде үрейге бой алдырған және қорғаныс паналарына бара жатқан жолда жарақат алған бірнеше азаматқа көмек көрсетілуде», делінген жедел жәрдемнің ресми хабарламасында.

Бұған дейін Израиль Қорғаныс армиясының баспасөз қызметі елдің оңтүстігіндегі бірнеше ауданда әуе дабылдары іске қосылғанын хабарлаған. Әскерилердің мәліметінше, Газа секторынан палестиналық радикалдар шамамен 10 снаряд атқан. Олардың жартысы әуеде жойылғанымен, кейбірі жерге түскен. Дабыл сиреналары Ашкелон, Ашдод қалаларында және маңайдағы елді мекендерде қосылды.