ANTIKOR • 07 Сәуір, 2025

Екібастұз қаласында ТЖ басшысы кәсіпкерден пара алған

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысында Екібастұз қалалық соты Төтенше жағдайлар басқармасының бұрынғы басшысы Д. Куконевті 7 жыл 6 айға, оның орынбасары Ж. Майманов пен кәсіпкер Б. Жұмашевті 7 жылға соттады, деп жазады Egemen.kz.

Екібастұз қаласында ТЖ басшысы кәсіпкерден пара алған

Фото: egemen.kz/ Ерлан Омар

Куконев пен Майманов Жұмашевтың кәсіпорнымен мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет көрсету шарттарын жасасқаны үшін жалпы сомасы 7,4 млн теңге параны бірнеше рет алғандықтан кінәлі деп танылған.

Сондай-ақ, олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан және Куконев «азаматтық қорғаныс полковнигі», Майманов «азаматтық қорғаныс майоры» арнайы атағынан айырылды. 

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше