Ауа райы • 04 Сәуір, 2025

Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады

65 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

«5 сәуірде республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, шығысында, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда – жауын-шашын, кейде қатты жауын-шашын күтіледі. Қатты жаңбыр 6-7 сәуірде елдің батысында, солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында болады», деп болжады мамандар. 

ҚР бойынша тұман, желдің күшеюі, 5 сәуірде түнгі уақытта солтүстікте, шығыста, орталықта көктайғақ болады.