Төтенше жағдай • 04 Сәуір, 2025

Қарағандыда жатақхана өртеніп, студенттер ауруханаға түсті

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2 сәуірге қараған түні Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің тоғыз қабатты жатақханасында өрт шығып,  10 студент зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыда жатақхана өртеніп, студенттер ауруханаға түсті

Фото: Қарағанды облысы ТЖД

Өңірдің ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, ғимараттың бірінші қабатында қоқыс жәшігінде 1,5 шаршы метр аумақта қоқыс жанған.

«ТЖД күштері жатақханадан төрт адамды құтқарды. Құтқарушылардың үйлесімді әрекетінің арқасында өрт 19 минут ішінде сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі – ашық от көзі», деп хабарлады ТЖД.

Өрттің аумағы үлкен болмағанына және құтқарушылардың жедел жұмысына қарамастан, зардап шеккендер бар. Он студент Х. Мақажанов атындағы ауруханаға және облыстық балалар клиникалық ауруханасына кеңейтілген тексеру үшін жеткізілген.

«Олардың ауруханаға түскен кездегі жағдайы тұрақты деп бағаланды және қазіргі уақытта нашарлау жоқ. Қосымша тексеру жүргізіліп жатыр, содан кейін амбулаториялық емдеу тағайындалады», деп хабарлады Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Кеше

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Кеше

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Кеше

Заманауи киіз үй

Өнер • Кеше

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025