Аймақтар • 02 Сәуір, 2025

Киік өлекселері жойылады

37 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлытау облысында Жезқазған қаласы аумағын, елді мекендерді киік өлекселерінен тазарту жүргізіліп жатыр. Ақпан айынан бері атқарылған жұмыстың нәтижесінде бас-аяғы 660-тан астам киік өлексесі жойылды.

Киік өлекселері жойылады

Сурет: 24.kz

Жұмысты Ұлытау облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақ­тық инспекциясының қыз­мет­кер­лері, «Охотзоопром ӨБ» РМҚК инспекторлық құрамы, тө­тенше жағдай департаментінің, Жез­қазған қалалық әкім­дігінің қыз­мет­кер­лері бірлескен түр­де ат­қарып жатыр. Шара­ға ал­ты арнайы техника жұмыл­ды­рыл­ған.

Наурыз айының соңғы күн­дері Кеңгір су қоймасы, Жез­қазған қала­сының аумағынан 20, облыс орталығы маңындағы далалық жерлерден 63, Кеңгір су қоймасының сол­түстік-шығыс бөлігінен «Балық­шы­лар үйі» маңына дейінгі ау­мақ­тардан 110 бас киік өлексесі Кеңгір округінің мал қорымына апарылып, жойыл­ды. Комиссия мүшелері өлек­селерді жою тура­лы тиісті акт жасады. Қыс мау­сымында өлген киік сүйектерін жинау жұмысы әлі де жалғасады.

 

Ұлытау облысы