Аймақтар • 23 Наурыз, 2025

Павлодар облысында өткен бәйгеде шабандоз жығылып, ауыр жарақат алды

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақсу ауданына қарасты Қызылжар ауылында Құнан бәйге ұлттық ойыны кезінде 16 жастағы жасөспірім жарақат алды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Павлодар облысында өткен бәйгеде шабандоз жығылып, ауыр жарақат алды

Жарыс кезінде жылқы үркіп кетіп, жарықтандыру сызығына соқтығысып, үстіндегі шабандоз жығылып қалды. 

Жарақат алған бозбала шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

«2008 жылы туған бала бас-ми жарақатымен келіп түсті. Оған ота жасалып, бірқатар емдеу шарасы жүргізілді. Қазір оның жағдайы бірқалыпты, дәрігерлердің тұрақты бақылауында», - деп хабарлады Ақсу әкімдігінің баспасөз қызметі.

Осы оқиғадан кейін полиция департаменті оқиғаға себеп болған жағдайларды жоюды талап етіп, жергілікті атқарушы органға ұсыныс жолдады.

Соңғы жаңалықтар

Рекордшы тотықұс

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Алатаудың ажары

Талбесік • Бүгін, 08:17

Кемедегі өмір

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Өрісті өнеге қалдырған

Тағзым • Бүгін, 08:10