Мереке • 14 Наурыз, 2025

Ақтөбеде 100 әже мен 100 келін ұлттық құндылықтарды дәріптеді

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе өңірінде жалпыұлттық Наурызнаманың онкүндігі аясында бірқатар шара ұйымдастырылып жатыр. Облыс орталығында 14 наурыз Көрісу күніне орай, «Амал келді – жыл келді» атты мерекелік бағдарлама өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақтөбеде 100 әже мен 100 келін ұлттық құндылықтарды дәріптеді

Іс-шараның ерекшелігі сол – ақ кимешек киген 100 әже және ақ орамалды 100 келін Ақтөбе көшелерімен жүріп өтіп, тұрғындарды таңғалдырды.

Мерекелік бағдарлама қазақ мәдениетінде айырықша орын алатын, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан маңызды дәстүр «Бастаңғы» көрінісімен басталды. Әрі қарай көш керуенімен ұласты. Тарихымыз бен мәдениетіміз сән-салтанат құрған көш-керуенді «Қазақ аналары – дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігі, Ақтөбе облыстық филиалының аналары, Алматы ауданының аналар кеңесі, аналар алқасы, Алматы аудандық ақсақалдар алқасы бастады.

Ақжаулық әжелер алаңда жиналған жұртпен амандасып, Көрісу дәстүрін көрсетті, келіндер үлкендерге сәлем етті.

Ұлттық құндылықтарымыз дәріптелген шара соңында ақтөбеліктер жайылған дастарқаннан, Наурыз көжеден дәм татты. Одан бөлек, ұлттық ойындар мен спорттық жарыстарға қатысыр, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025