Поэзия • 14 Наурыз, 2025

Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдығына арналған кеш өтті

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық кітапханада Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, І дәрежелі «Достық», «Парасат» ордендерінің иегері Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдық мерейтойына арналған «Жүрегі жырдан жаралған» атты әдеби-музыкалық кеш өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдығына арналған кеш өтті

Іс-шараның мақсаты – ақынның шығармашылығын насихаттау, әдеби мұрасына құрмет көрсету және оның өлеңдеріне деген жастардың сүйіспеншілігін арттыру.

Кеш барысында ғалымдар, әдебиеттанушылар, жазушылар мен ақындар Тұманбай Молдағалиевтің қазақ поэзиясына қосқан үлесі жайында ой бөлісіп, арнау өлеңдерін оқыды.

Жиын аясында кітапхана қорынан «Тұманбай жыры – өшпес мұра» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақынның шығармалары, естеліктері, әндер жинағы мен фотосуреттері қойылды. Сондай-ақ қазақ эстрадасының танымал өнерпаздары ақын сөзіне жазылған әндерді орындады.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025