Спорт • 13 Наурыз, 2025

Әлем чемпионатына 10 спортшы аттанды

60 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

14 наурызда Бейжіңде шорт-тректен ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты басталады. Дүбірлі додада еліміздің намысын 10 өреніміз қорғайды.

Әлем чемпионатына 10 спортшы аттанды

Сурет: olympic.kz

Еліміз құрамасының бас бапкері Петр Гамидов Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Әділ Галиахметов, Мерсаид Жақсыбаев, Глеб Ивченко, Яна Хан, Зейнеп Құмарқан, Ольга Тихонова, Мәлика Ермек, Алина Әжіғалиеваға сенім артып отыр. Шорт-трекшілеріміздің дені – халықаралық ареналарда атой салып жүрген тәжірибелі спортшылар. Алды әлем чемпионатында жүлде алып, Олимпия ойындарында өнер көрсетсе, өзгелері әлем кубогінің кезеңдік сайыстарында жеңіс тұғырына көтерілді. Сондықтан айтулы аламанда қазақ жанкүйерлері медальдың сыңғырын естиді деп үміттенеміз.

Шорт-тректен әлем чемпионаты 1976 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Жарыста Азия құрлығының өкілдері мол олжаға кенелді. Мәселен, Оңтүстік Корея 265 (113 алтын+83 күміс+69 қола) жүлдені қоржынға салса, Қытай 160 (69+48+43) медаль иеленді. Үздік үштікті Канада түйіндеп тұр. Үйеңкі жапырақтары елінің спортшылары 222 (62+85+75) рет жеңіс тұғырына көтерілді. Сон­дай-ақ ТОП-10-дыққа Нидерланд (27+20+18), АҚШ (17+18+33), Жапония (13+19+23), Ұлыбритания (7+10+9), Мажарстан (8+9+4), Италия (6+18+28), Ресей (3+6+9) еніп отыр.

Еліміз өз тарихында бір жүлде ғана олжалады. Оның иегері – Денис Никиша. Былтыр Нидерландтың Роттердам қаласында өткен әлем чемпионатында 29 жастағы Ақмола облысының өкілі 500 метрлік сайыста күміс медальды мойнында жарқыратты. Ол тек Пхенчхан Олимпиадасының жеңімпазы әрі қола жүлдегері, әлемнің 9 дүркін чемпионы, оңтүстіккореялық Линь Сяоцзюньнен қалып қойды. Бұл қашықтықта Бейжің Олимпиадасының жеңімпазы, франциялық Жордан Пьер-Жиль қоланы қанағат тұтты.

Былтырғы дүниежүзілік додада Қытай-дың қарқынына ешкім шыдамады. Олар төрт алтын алып, жалпы есепте жеке-дара көш бас­тады. Одан кейінгі сатыларға Канада (2+0+2), АҚШ (1+2+3), Оңтүстік Корея мен Нидерланд (1+2+0), Италия (0+2+2), Қазақстан (0+1+0), Аустралия, Польша (0+0+1) жайғасты.

Соңғы жаңалықтар

Сұрақ қойған тотықұс

Қоғам • 30 Тамыз, 2025

Айна алдындағы фламинго

Табиғат • 30 Тамыз, 2025

Тұрғындар денсаулығын тексерді

Денсаулық • 30 Тамыз, 2025

Мерекелік марапат

Қоғам • 30 Тамыз, 2025

Ерен еңбек ескерусіз қалмайды

Жұмысшы мамандықтар жылы • 30 Тамыз, 2025

Маңдай тердің өтеуі

Еңбек • 30 Тамыз, 2025

Жаңа оқу жылындағы өзгерістер

Инфографика • 30 Тамыз, 2025

Үміт ақталады

Білім • 30 Тамыз, 2025

Тағдыршешті реформа

Ата заң • 30 Тамыз, 2025

Аралда ашылған мектептер

Мектеп • 30 Тамыз, 2025

«Абай» журналының ахуалы қалай?

Жәдігер • 30 Тамыз, 2025

Алғыс арқалаған кенші

Еңбек • 30 Тамыз, 2025

Мағжан мен Хайретдин

Зерде • 30 Тамыз, 2025

Тиянақты дайындық

Аймақтар • 30 Тамыз, 2025

Ғарыштан оқылған дәріс

Ғалам ғажаптары • 30 Тамыз, 2025

Қазақ сыныбын таңдағандар озады

Аймақтар • 30 Тамыз, 2025

Әлеуметтік жобаның әлеуеті

Қоғам • 30 Тамыз, 2025