Халық • 12 Наурыз, 2025

Бірліктің берік арқауы

61 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қарағандыдағы бірліктің шаңырағына айналған Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Адамгершілік – асыл қа­сиет» атты форум өтті. Жиынға ҚХА мүше­лері, этномәдени бірлестік өкілдері, қоғам қайрат­керлері, ардагерлер мен қоғам белсенділері қатыс­ты. Өңірдің басқа да қала, ауданынан өкілдер онлайн қосылды.

Бірліктің берік арқауы

Суреттерді түсірген – Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Форумда «Қазақстан халқы Ассам­б­лея­сына 30 жыл» ескерткіш тақтасы салтанатты түрде ашылды. ҚХА-ның өңір­дегі төрағасы, аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып, форумға қатысушы қауымды мерейлі мерекемен құттықтады.

– Біз алғашқылардың бірі болып Қаза­қстан халқы Ассамблеясының 30 жыл­­дығын мерекелеуді бастадық. Ассам­блея құрылған жылдарында біздің қо­ғамымыздың маңызды буынына а­й­нал­ды. Бұл өзара құрметке, ын­ты­­мақ­тастыққа және қолдауға толы жол болды. Жақында ғана өткен «Ақ­са­­қалдар кеңесі» республикалық форумының қоғамдық және азаматтық сектор тарапынан жоғары бағаланды. Тұғырлы татулығымыз бен ырысты ынтымағымызды жаңа белес­ке жетелейтін, бірлігімізді бекемдейтін мұндай маңызы бар іс-шараларды жиі өткізуіміз қажет, – деді Е.Бөлекпаев.

Бұған қоса өңір басшысы облыстағы этномәдени бірлестіктердің Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арнайы ұйымдастырған «Бірлікпен гүлденген Сарыарқа» көрмесін барлық қала, ауданды аралап, көшпелі етіп ұйымдастыруды тапсырды.

пр

Алқалы жиында ассамблея мүшелері «Қайырымдылық керуені» атты акция­сы­ның бастау алғанын мәлімдеді. Игілікті шаруа бірден қолдау тапты. Облыстағы түгелге жуық этномәдени бірлестік өкіл­дері мұны жылы қабылдады. Мәсе­лен, Балқаш қаласының Аналар кеңе­сінің төрағасы Альмира Мусина «Қайы­рымдылық керуені» акциясы аясында кеңес өкілдерімен қаладағы перзентхана барып, Алғыс айту күні туған балаларды құттықтап, сыйлық табыстап шық­қандарын айтты. Қарағанды облысының корей этномәдени бірлестігінің төрайы­мы Лилия Ким де Қарағанды құры­лыс-техникалық колледжінің 4-курс сту­денті Мұхаметәлі Исайынға әлем чем­пионатында бақ сынау үшін демеу­шілік көмек көрсетілгенін жеткізді. «Өмір тынысы» қоғамдық бірлестігі транс­плантацияланған науқастардың төрағасы Жәнібек Успанов донорларға адам өмірін сақтауға қосқан баға жетпес үлестері үшін алғыс білдірді. «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Увайс Джанаев этномәдени бірлестіктер басшыларының атынан қонақжай құрметі үшін қазақ халқына алғыс айтты.

Сонымен қатар форумда облыстық ҚХА белсенділері облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. «Намус» Әзербайжан ұлттық-мәдени орталығының төрағасы Гюлага Векилог­лы Рзаев – марапатталғандардың бірі. Ол әзербайжан халқының қиын қыстау кезеңі – кеңес тұсындағы депортацияны есіне салып, бауырмал қазақ жұртына ризашылық білдірді.

Достықты ту еткен жиын этномәдени бірлестік өкілдері мен форумға қаты­сушылардың Тәуелсіздік стелласына гүл шоқтарын қою рәсімімен жалғасты.

 

Қарағанды облысы 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15