Елорда • 09 Наурыз, 2025

Астанада Ұлттық ұлан сарбаздары 12 жастағы балаға көмектесті

124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің сарбаздары жоғалып қалған 12 жастағы балаға және кенеттен денсаулығы нашарлаған әйелге көмек көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада Ұлттық ұлан сарбаздары 12 жастағы балаға көмектесті

7 наурыз күні кешкі сағат 19:00 шамасында Алматы ауданында, Бейбітшілік және келісім сарайының маңында әскери патруль жасөспірімді байқап қалады. Ол не істерін білмей жалғыз тұрған.

Патрульдің басшысы Бақытхан Өтемісов, сондай-ақ сарбаздар Жалғас Асқаров пен Бағдат Қыдырханов баламен сөйлесіп, оның телефонында бірліктің таусылып қалғанын және анасына хабарласа алмай тұрғанын анықтады. Сонымен қатар, оның жолақысы да болмаған.

Кезекші сарбаз Әсет Сұрағанов баланың анасына қоңырау шалып, жағдайды түсіндірді. 20 минуттан кейін әйел келіп, баласын алып кетті.