Бұл туралы WBC ұйымының президенті Хосе Сулейман әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Хосе Сулейман Мұса Әбдірайыммен телефон арқылы сөйлесіп, оның іс-әрекетіне, батылдығына тәнті болған. Сөйтіп, оны ресми түрде ұйымның бейбітшілік елшісі деп жариялады.
- Онымен қатар тұрғанымды мақтан тұтамын. Спорт үшін ғана емес, адамзат үшін нағыз батыр, – деді ұйым басшысы.
Артынан әуежайдағы оқиғада батылдық танытқаны үшін Президент Мұса Әбдірайымды «Ерлігі үшін» медалімен наградтады.