Ауа райы • 07 Наурыз, 2025

Ауа райына байланысты үш облыста жол жабылды

41 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

 

Ауа райына байланысты үш облыста жол жабылды

2025 жылғы 6 наурыз сағат 23:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады:

Абай облысы:

- «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 971-1013 шақырым аралығы (Қалбатау ауылы-Шығыс Қазақстан облысы шекарасы).

- «Өскемен-Семей» автожолының 103-198 шақырым аралығы (Семей қаласы-Шығыс Қазақстан облысы шекарасы).

Шығыс Қазақстан облысы:

- «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 1013-1048 шақырым аралығы (Абай облысы шекарасы-Ұлан ауылына бұрылыс).

Жолды 7 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған. Сонымен қатар ауа райының бұзылуына байланысты 7 наурыз сағат 00:00-де келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады:

Шығыс Қазақстан облысы:

- «Өскемен-Семей» автожолының 10-103 шақырым аралығы (Герасимовка ауылы-Абай облысы шекарасы).

Жолды 7 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.