Ауа райы • 03 Наурыз, 2025

Қолайсыз ауа райы: елімізде 2 өңірде көлік қозғалысы шектелді

73 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚазАвтожол екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қолайсыз ауа райы: елімізде 2 өңірде көлік қозғалысы шектелді

Алматы облысы:

3 наурызда сағат 18:30-да ауа райының бұзылуына байланысты "Алматау турбазасына кіреберіс" автожолының 0-15 шақырым аралығында (Тұздыбастау ауылынан Бесқайнар ауылына дейін ) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.

Жолды 4 наурыз сағат 12:00-де ашу жоспарланған.

Сонымен қатар 3 наурыз сағат 19:30-да ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық автожолда барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Қызылорда облысы:

- «РФ шекарасы - Мартөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы» автожолының 1474-2046 шақырым аралығы (Айтеке би а. - Бесарық а.).

Жолды 4 наурыз сағат 06:00-де ашу жоспарланған.