
Ол сондай-ақ, сол жерде Ассамблея туын желбіретіп, барша қазақстандықтарды осы айтулы мерекемен құттықтады.
Айта кетейік, бұған дейін Әлібек Қайырбек Эльбрус пен Килиманджаро шыңдарын бағындырып, ұлттық мәдениетті дәріптеп, әлем жұртшылығын қазақ өнерінің сұлулығымен шабыттандырды.
Бұл жолғы экспедиция ерекше мәнге ие болды, себебі ол Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналды.