Аймақтар • 27 Ақпан, 2025

Жамбыл облысында 1198 азамат қандас мәртебесін алды

72 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресми дерекке жүгінсек, 1991 жылдан бүгінгі күнге дейін 19811 отбасыдан құралған 65405 қандас Жамбыл облысына қоныс аударған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысында 1198 азамат қандас мәртебесін алды

Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Самат Төрегелдиев келтірген дерек  бойынша, өңірге өткен жылы келген қандастардың 88,7 пайызы көршілес Өзбекстан Республикасынан қоныс аударса, 4, 3 пайызы Қырғыз Республикасынан, қалған 6 пайызы өзге мемлекеттерден келіпті.

«703 отбасыдан құралған 1198 азаматқа қандас мәртебесі берілді. Сондай-ақ, 95 отбасыдан тұратын 116 адамға қандас мәртебесі ұзартылды. Президент тапсырмасына сәйкес 2023 жылдың шілдесінен бастап, шетелде тұрып жатқан қазақтарға арналған арнайы «Ата жолы» карталарын беру үрдісі қолға алынды. Алайда әзірге облысқа «Ата жолы» бағдарламасы аясында этникалық қандастар өтініш білдірмеген. Аталған картаның басты басымдықтарының қатарына шетелдегі ұлты қазақ ағайындарымыздың 10 жылға дейін біздің елде тұруға және жұмыс істеуге, әлеуметтік көмектер, тегін білім алуға, бизнес ашуға келген елінен азаматтығын сақтай отырып жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді», дейді С. Төрегелдиев.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15