Халық • 27 Ақпан, 2025

Аида Балаева үкіметтік емес ұйымдарды мерекесімен құттықтады

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27 ақпанда жыл сайын дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні атап өтіледі. Осыған орай Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева атаулы күннің иелерін мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аида Балаева үкіметтік емес ұйымдарды мерекесімен құттықтады

Үкіметтік емес ұйым – әлеуметтік мәселелерді шешуде және азаматтық бастамаларды жандандыруда мемлекеттің ең сенімді тірегі саналады.

«Расында да, үкіметтік емес ұйымдар маңызды әлеуметтік мәселелерді ұдайы көтеріп, оларды кешенді түрде шешуге септігін тигізіп келеді. Мемлекеттің кемел келешегін қамтамасыз ететін негізгі ресурс – адам капиталы. Бүгінде елімізде 22 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым тіркелген, оның 18 мыңы белсенді жұмыс істейді. Азаматтардың құқықтарын қорғаудан бастап, «Таза Қазақстан» секілді экологиялық акцияларға дейінгі көптеген маңызды міндеттерді абыроймен атқарып келесіздер», деді министр құттықтау сөзінде.

Сондай-ақ А. Балаева үкіметтік емес ұйымдардың қызмет көрсету сапасын жақсарту және қоғаммен байланысты нығайту мақсатында мемлекеттік қаржыландыру көлемі жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті.

«Сіздердің қоғам игілігі жолындағы еңбектеріңіз орасан зор. Осы орайда, азаматтық қоғамды дамытудағы маңызды және негізгі міндеттерді жүзеге асыруда баршаңызға сәттілік, жаңа идеялар мен толайым табыс тілеймін! Қоғам дамуына қосып жатқан өлшеусіз үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін!», деді министр.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15