Аймақтар • 25 Ақпан, 2025

Жамбыл облысында 417,1 шақырым жол жөнделеді

94 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі екенін атап өткені белгілі. Осы міндетті іске асыру аясында Жамбыл облысында бірқатар жұмыс атқарылмақ. Нақтырақ айтсақ, өңір жолдарын жөндеуге қомақты қаражат бөлініп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысында 417,1 шақырым жол жөнделеді

Облыстық жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Саурықовтың айтуынша, 2024 жылы 16,5 шақырым жол салынып, 1 көпірдің құрылысы жүргізілді. 3 шақырым жол қайта жаңғыртылып, 690,4 шақырым жол орта жөндеумен қамтылды. 

Биыл өңірдегі жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекен көшелерін жөндеуге 23,6 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаржыға 146 жол жөндеу жобасы жүзеге асырылады.  Атап айтқанда, 17,7 шақырым жаңа жол салынады, 8 шақырым жол қайта жаңғыртылады, 391,4 шақырым жол орта жөндеуден өтеді. 

Жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында бөлінген қаржының 3,4 млрд. теңгесі жергілікті жолдар мен елді мекен көшелерін ағымдағы жөндеу мен күтіп ұстау жұмыстарына бағытталады. 

Биылғы жылдың қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесін 99,5 пайызға (2024 ж. - 99%), елді мекен көшелері бойынша бұл көрсеткішті 89 пайызға (2024 ж. - 87%) жеткізу межеленіп отыр.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15