Аймақтар • 25 Ақпан, 2025

Бес мың тұрғын көгілдір отынмен қамтылады

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында шалғайдағы ауылдарды көгілдір отынмен қамту жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылып жатыр. Осы жылы өңірдің 5 мыңнан астам тұрғынын табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz

Бес мың тұрғын көгілдір отынмен қамтылады

Облыс көлемінде шалғайдағы Мойынқұм ауданы ғана көгілдір отынға зәру болатын. Соңғы жылдары алыстағы аудан елді мекендерін табиғи газбен қамту мақсатында ауқымды жұмыс қолға алынған.

«Осы жылы өңірдің 5 мыңнан астам тұрғыны газбен қамтамасыз етіледі деп жоспарланды. Нақты айтсақ, бүгінгі күні өңірдегі елді мекендердің 78 пайызы газбен қамтылған, яғни, 371 елді мекеннің 288-і табиғи газға қосылған. Былтыр Қордай ауданының 3 ауылына газ жүргізіліп, облыс халқының газбен қамтылу деңгейі 91,3 пайызды құраса, биыл 9 ауылға табиғи газ кіргізіліп, тұрғындардың газбен қамтылу көрсеткішін 91,8 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

Осы жылы Сарысу ауданының 14 елді мекенін газбен қамту үшін «Еврохим-Қаратау» және Шу ауданының 18 елді мекенін газдандыру үшін «Шу» автоматты газ тарату станцияларының (АГТС) құрылысы жүргізілуде. Олардың жалпы құны – 41,9 миллиард теңге. Сонымен қатар, Мойынқұм ауданының елді мекендерін газдандыру жобасы басталып, жоспардағы 9 ауылдың бастапқы үшеуіне (Айдарлы, Бірлік, Биназар) жалпы құны 18,5 миллиард теңгені құрайтын газ құбырларын салу жұмыстары жүргізіліп жатыр», дейді облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Дамир Тұңғатов.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15