
Сурет: 018.kz
Отырыс барысында ЕҚЫҰ ПА-ның Саяси мәселелер және қауіпсіздік, Демократия, адам құқықтары және гуманитарлық мәселелер, Экономика, ғылым, технологиялар және қоршаған орта мәселелері жөніндегі жалпы комитеттерінде, сондай-ақ Тұрақты комитетте кездесулер өтті. Іс-шараға ЕҚЫҰ өңірі елдерінен келген 240-тан аса парламентші қатысты.
Қауіпсіздік пен адам құқықтары саласындағы ынтымақтастықтың негізін қалаған басты құжат – Хельсинки Қорытынды актісінің 50 жылдық мерейтойына ерекше назар аударылды.
Сенатор сессия барысында ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы төрағасының экологиялық мәселелер жөніндегі орынбасары Пере Понспен және ассамблеяның Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Фара Каримимен де кездесті. Сондай-ақ Аустрия Ұлттық кеңесінің депутаты, ЕҚЫҰ ПА төрағасының орынбасары Гудрун Куглер, Хорватия Саборының депутаты Звонимир Троскот және Финляндия Парламентінің депутаты Вилла Скиннаримен де екіжақты кездесулер өтті.
Сенатор бірқатар тақырыптық, оның ішінде көлік дәліздерін дамытуға бағытталған Жібек жолын қолдау тобының 15-отырысына, сондай-ақ демографиялық дағдарысқа арналған пікірталасқа қатысты.