Инвестиция • 25 Ақпан, 2025

Инвестиция игілігі

62 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары инвестициялық салық преференциясын беру, бизнесті мемлекеттік қолдау және инвестиция тарту мәселелерін талқылау үшін мемлекеттік органдардың басшыларымен және бизнес қауымдастығы өкілдерімен кездесті.

Инвестиция игілігі

Сурет: gov.kz

Саран индустриалды айма­ғындағы «Silk Road Electronics» ЖШС алаңында өткен маңызды жиынға комитет төрағасы Сұл­танбек Мәкежанов бастаған Сенат депутаттары, өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен ұлт­тық экономика министр­лігі­нің басшылары, Қарағанды облы­сы әкім­дігі мен жергілікті кәсіп­орын­ның жетекшілері қатысты.

Алқалы басқосудың барысында «Saran» индустриялық айма­ғын дамытудың алдағы жоспарын, салық саясаты, салық же­ңіл­дігінің тиімділігі талқыланды. Со­нымен қатар өнеркәсіп жобаларын іске асыру, болат құбырлар өн­д­і­рісі мен металл бұйымдарды мы­­рыш­тау ісі, қайта өңдеудегі тиім­ді­лік турасында да пікір ортаға салынды.

Бизнес өкілдері тарапынан мәселелер де ашық айтылып, олар­ды шешу тетіктері талқы­лан­ды. Әрмен қарай жиында айтылған ұсыныс төңірегінде де жұмыстар атқарылады.

Сонымен қатар меймандар «Tengri Tyres» және «Qaztehna» серіктестері секілді индуст­рия­лық аймақтың жетекші кәсіп­орын­­дарында болып, өндіріс қуа­ты­мен, өнеркәсіп әлеуетімен танысты.

 

Қарағанды облысы 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше