Баға • 24 Ақпан, 2025

Жұмыртқа бағасы тұрақтанады

85 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сауда және интеграция министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Құс өсірушілер одағы, жұмыртқа өндірушілер салалық қауымдастығы және Сауда желілері одағы әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шараларын іске асыру бойынша ынтымақтастық меморандумына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жұмыртқа бағасы тұрақтанады

Фото: ашық дереккөз

Меморандумның негізі – тараптардың баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге деген өзара мүдделілігі мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру.

Қол қойылған меморандум аясында Құс өсірушілер одағы мен Қауымдастық құс фабрикаларының қоймалары мен фирмалық дүкендерінде сатылым бағасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге міндеттеме алды.

Өз тарапынан Сауда желілері одағы заңнама талаптарына сәйкес сауда үстемесі мөлшерін сақтауын қамтамасыз етеді және осы санаттағы жұмыртқаларды сатудан сыйақы талап етпейді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі жергілікті өндірушілерді қорғау мақсатында жұмыртқа импортына шектеу енгізу мәселесін қарастырып, Сауда және интеграция министрлігімен бірге заңсыз импорттық жұмыртқаларды нарыққа шықпауын, оларды айналымнан алу жөнінде бақылау шараларын қабылдайды.

Сауда және интеграция министрлігі меморандум аясында баға мониторингін жүргізіп, оның шарттарының орындалуын бақылайды.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15