Әлем • 20 Ақпан, 2025

Владимир Путин: Украинаны ешкім шеттеткен жоқ

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей президенті Владимир Путин Эр-Риядта Ресей мен АҚШ делегациялары арасындағы келіссөздің нәтижелі өткенін жоғары бағалап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Владимир Путин: Украинаны ешкім шеттеткен жоқ

Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Кремль басшысы Санкт-Петерубргтегі «Радар ммс» ғылыми-өндірістік кәсіпорнына барған кезінде тілшілерге берген сұхбатында айтты.

Президент басқосуда талқыланған басты тақырыптың бірі Украинадағы жағдай болғанын атап өтті. Бұдан бөлек тараптар Таяу Шығыстағы ахуал, экономика, энергетика және ғарышты игеру мәселелері қозғалғанын жеткізді. Владимир Путин Мәскеу мен Вашингтондағы екі ел дипломатиялық миссияларының жұмысын қайта қалпына келтіру шешімін де құптайтынын білдірді. 

«Келіссөздің мақсаты - Ресей мен АҚШ қарым-қатынасын қалпына келтіру. Екі ел арасындағы сенім деңгейін арттырмайынша, Украинадағы жағдайды реттеу сынды күрделі мәселелерді шешу мүмкін емес. Телефон арқылы сөйлескенде Дональд Трамп келіссөздерге Ресей де, Украина да қатысатынын айтқан. Ешкім Украинаны шеттеткен жоқ. Америка президентімен кездесу үшін біздің командамыз екі жаққа да маңызды сұрақтарды дайындау керек. Бұл қос тарап үшін тиімді шешімдер қабылдауға қажет. Ал ол оңай шаруа емес», деді В. Путин.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше