Қоғам • 19 Ақпан, 2025

«Шұғаның белгісі» – шағын комикс

260 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қостанайдағы №17 мек­­теп­тің мұғалімі Ақбота Ерма­ған­бе­това мен №1 лицей мұғалімі Эльмира Рахимова Бейімбет Май­линнің әйгілі шығармасын ық­шамдап, екі тілде ша­ғын комикс жасап шы­ғарды.

«Шұғаның белгісі» – шағын комикс

Мұғалімдердің ай­туынша, «Шұ­ғаның белгі­­сі­не» 9-сыныпта 4 сағат бері­ліпті. Балалар бірінші сабақтан-ақ комикстің көмегімен шығарма мазмұнын түсініп, толық меңгеріп алған.

«Қалған сабақтарда шы­­ғар­маны кеңірек талдап, әйел тең­сіздігі та­қырыбын ар­қау еткен басқа да туын­ды­лармен сабақтастыра қарас­ты­ру­ға уақыт таптық», дейді тәжірибелі ұстаздар.

Мұғалімдер суретті әң­гі­меге «Egov.kz» порталы ар­қылы авторлық құқық алып­ты. Аталған комикс Бейім­бет шығармасының құр кө­шірмесі ғана емес. Авторлар шығарма тілін бала жеңіл түсінетіндей етіп қайта өңдеп, түсініктемемен толықтырып шыққан.

«Қазір балаларды кітап оқуға қызықтыру өте қиын. Сондықтан оқушы­лардың көр­кем әдебиетке деген ынтасын арттыру мақсатында қазақ және орыс тілдерінде ко­микс жасап шығаруға тура келді. Сурет­терді тү­гел­дей «QazGPT» жасанды ин­телек­тісінің көмегімен жа­садық. Тоғызыншы сынып­қа бір сағат оқытып көрдім. Балалар шығарманы бастан-аяқ оқып шыққандай тез сіңіріп алды. Одан кейін хрес­томатиямен жұ­мыс іс­теп толық мәтінді оқып, талдап шықтық. Са­бақтан соң қайсысы жеңі­лірек деп сұрағанымда, бәрі бір ауыз­дан «Комиксті оқу жеңіл» деп жауап­ берді. Бұл – балаларды кітап оқуға ынталандыру үшін аса қажет құрал», дейді Ақбота Ермағанбетова.

Өткен жылы Ақбота аталған ­жобасымен респуб­ликалық педа­го­ги­ка­лық идеялар фестиваліне қаты­сып, жүлделі екінші орын алған. Қостанайда Бейімбет Майлиннің 130 жылдық мерейтойына арналған ғы­лыми конфе­рен­цияға да қаты­сып, көпшілікке көр­кем шығарма­ны оқытуда комикс пай­да­ланудың тиімді екенін дәлелдеп шық­қан. Жиыннан кейін бұған сол кездегі облыс әкімінің орынбасары Ринат Мұха­метқали қызығушылық танытып, жаңашыл ұстазға әдістемелігін жеке еңбек етіп бастырып шығару жөнінде ке­ңес бергеніне куә болдық. Осылайша, Ринат Зәкиұлының бас­тамасымен, Бейім­­бет Майлин ауданы әкімдігі­нің қол­­­дауымен Алматы қаласынан аталған ко­микстің 200 данасы жарыққа шығып, таяу­да ғана авторлардың қолына тиіп отыр.

Ақбота Ермағанбетованың бұдан өзге де комикс форма­тындағы әдіс­те­ме­ліктері бар. Тәжірибелі ұстаз оқу бағ­дарламасына енген «Қорқыт ата жыры», Міржақып Дулат­ұлының «Бақытсыз Жамал», Тынымбай Нұр­ма­ғанбетовтің «Анасын сағынған бала», Төлен Әбдіктің «Қонақтар» шығармасын баланың танымына бейімдеп комикс жасап, сабақта пайдаланып жүр.

 

Қостанай облысы 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше