Digital • 14 Ақпан, 2025

Қатерлі дертті ерте анықтайды

87 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, өкпе қатерлі ісігінен жыл сайын 1,8 миллион адам көз жұмады. Ал оның 64%-ы кеш анықталады. Отандық «Cortex AI» стартапы осы мәселені шешуге бағытталған. Жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін жүйе рентген суреттерін 3 минут ішінде талдап, қатерлі ісік белгілерін 94,1% дәлдікпен анықтайды.

Қатерлі дертті ерте анықтайды

Асылжан Абдуллаев – Қызылорда облысының тумасы. 17 жастағы кәсіпкер, қазіргі уақытта «Astana IT University-де» «Цифрлық журналис­тика» мамандығында оқып жатыр. «Cortex AI» – онко­логиялық ауруларды ерте анықтауға көмектесетін технология. Егер бұл жоба толыққанды іске асса, мың­даған адамның өмірін сақтап қалуға септігін тигі­зері анық. Айта кетейік, Асылжан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сыйлығының иегері, сондай-ақ «Enactus Astana IT University» ұйымының негізін қалаушы. «Cortex AI» жобасын жасауға оны отбасында болған қайғылы оқиға себеп болған. «Атам 30 жыл медицина саласында еңбек етті, бірақ өзі өкпе қатерлі ісігіне шалдықты. Бұл мен үшін үлкен соққы болды. Осы жағдайдан кейін білімімді осы дертті ерте анықтауға көмектесетін технология жасауға бағыттауды ұйғардым», дейді Асылжан.

2023 жылдың қараша айында құ­рылған «Cortex AI» жүйесі рентген суреттеріндегі ең ұсақ патологиялық белгілерді анықтайды. Жасанды интел­лект өкпенің қауіпті аймақ­тарын белгілеп, қатерлі ісік қау­пін бағалайды. «Дәрігерлердің жүк­темесі ауыр, олар әрбір суретті тез әрі дәл талдай алмайды. «Cortex AI» медициналық жүйеге оңай қосылады. Оны «PACS» (меди­ци­налық бейнелерді сақтау және беру жүйесі) арқылы қосу жеткі­лікті, осылайша дәрігерлер еш қиындықсыз пайдалана алады», дейді жас кәсіпкер.

Жүйе науқасты өзі рентгенге түсіреді. Кейін сурет «Cortex AI» жүйесіне жүктеледі, жасан­ды интеллект оны талдап, дә­рігерге нәтиже бе­реді. Дәрігер жасанды интел­лек­тінің талдауымен өз тәжіри­бесіне сү­йеніп, соңғы қорытындыны жасайды.

Қазір «Cortex AI» командасы шағын, білікті мамандардан құралған. Алгоритмдерді «Astana IT University» студенттері әзірлеген, ал Ернұр Сырлыбаев пен Абу Қонысбек машиналық оқыту бағытында жұмыс істейді. Жоба үйлестірушісі – Камиля Көшербай, ғылыми кеңесшілер қатарында Назарбаев университетінің түлегі Айкен Алтай мен Гарвард университетінің түлегі Тілек Зейін бар.

«Cortex AI» халықаралық деңгейде де жетістіктерге жетті. Жоба Қытайдың «Zhongguancun World Competition» байқауында 1300 стартаптың ішінен 2-орын алды. Сондай-ақ $4,5 мың көлемінде грант жеңіп, үш отандық емханада қанатқақты жоба ретінде іске қосылды. Стартап Тәжікстан нарығына шығу үшін Худжан университетімен серіктестік орнатқан. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі де жобаға жоғары берді. Қазіргі таңда «Cortex AI» халықаралық нарыққа шығуға әзірленіп жатыр. Асылжанның айтуынша, алдымен «ISO 13485» сертификатын алу жоспарланған. Бұл жүйені Еуропа мен АҚШ-тың медициналық стандарттарына сәйкестендіруге мүмкіндік береді. «Болашақта біздің жүйе тек өкпе қатерлі ісігін емес, сүт безі, бауыр, ұйқы безі ісіктерін де анықтайтын болады. Бастапқы тестілер жоғары дәлдікті көрсетіп отыр. Алдағы екі жылда жобаны толық енгізуге жұмыс істейтін боламыз», дейді автор.

Жобаға $250 мың инвестиция тарту көзделген, бұл қаражат команда құрамын кеңейтіп, алгоритм­дерді жетілдіруге, жаңа медициналық мекемелермен жұ­мыс істеуге жұмсалады. Ұзақмерзімді жоспар бо­йынша, «Cortex AI» мемлекеттік ауруханаларға енгізіліп, $850 мың көлемінде қосымша инвестиция тарту жоспарланған. «Жасанды интеллект – медицина­ның болашағы. Біз елімізді осы салада көшбас­шы елдердің қатарына қосуды мақсат етіп отырмыз», дейді А.Абдуллаев.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03