Талбесік • 13 Ақпан, 2025

Қар неге қуаныш сыйлайды?

54 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қар – табиғаттың ең сиқырлы сыйы секілді. Қар жауған кезде әлем мүлде басқа кейіпке енеді. Дыбыс бәсеңдеп, аспан мен жер арасындағы шекара жойылып, жан-жағымыз ақ көрпеге оранады. Бір сәтке бәрі тоқтап қалғандай сезіледі. Осы бір жапалақтап жауған қарға тамсанып тұрған сәтте күнделікті қарбалас тіршіліктің ырғағы бәсеңси қалады. Көңілде бала қуаныш пайда болады. Бірақ бұл қуаныштың астарында қандай құпия жатыр? Неге қар бізді ерекше әсерге бөлейді?

Қар неге қуаныш сыйлайды?

Қарда балалық шақ­тың тәтті ес­те­лігі бар. Ақ ұлпа­дан жасалған алғашқы аққала. Шанамен зулап түскен биік төбе. Бірақ бұл шаттық өткен күнмен ғана байла­ныс­ты ма? Ғалымдар бұл сұ­раққа жауа­п іздеп көрген. Джорджия университеті­нің климат психологі Алан Стюарт­тың айтуынша, қар – ауа райының ең әдемі әрі жұмбақ түрі. Зерттеушілер оның құрылымы ерекше екенін дәлелдеген. Мысалы, жаңадан жауған қар кеуекті келеді, сондықтан ол дыбыс­ты жақсы сіңіреді. Содан айналада мүлгіген ты­ныш­тық орнайды. Қарлы түн­дер­дегі тыныштық біздің ішкі әлемімізге де тыныштық сыйлайды. Психолог, жазушы Кари Лейбовицтің айтуынша, қар адамның айналамен қарым-қатынасын өзгертеді. «Қар, әсіресе көру сезімімізге ерекше әсер етеді. Ақ ұлпа көр­кем болғандықтан, жанымызды жадыратады», дейді ол.

Қар түскенде бұрынғы үйреншікті жерлер жаңа мекен секілді әсер қалдырады. Психологтердің зерттеуінше, ақ түс адамның жүйке жүйесін тыныштандырып, сананы тазартады. Ол артық ойлардан арылуға, эмоцияларды реттеуге көмектеседі. Сондықтан медитация орталықтары мен ем­ханаларда ақ түс жиі таңда­лады.

Ғалымдардың зерттеуінше, қар жарықты да жақсы сі­ңіреді. Ол жарықпен шағы­лыс­қанда қою қараңғы түн жарқырай түседі. Бұл, әсі­ресе қыста күйзеліске түсіп ке­­тетін адамдарға оң әсер етеді екен. Тіпті ұзақ түн бо­­латын солтүстік аймақ­тар­да маусымдық күйзелісті бол­дырмау үшін арнайы жа­рық терапиясы қол­данылады.

Қыс адамдардың барлы­ғына бірдей ұнай бермейті­нін ұмытпау қажет. Біреулер үшін бұл мезгіл қақаған аязбен, қар тазалаумен, кө­лік кептелісімен байланысты. Бірақ қыстың суығын ұнат­пайтын жандардың өзі қар жауған күндері жақсы көңіл күйде жүреді.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03