Жемқорлық • 10 Ақпан, 2025

Ақмола облысында шенеунік пен кәсіпкер бюджет қаражатын жымқырған

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бұрынғы басшысы мен жауапкершілігі шектеулі серіктестік директоры жылу қазандықтарын орнатпай, бюджеттің 8 миллион теңгеден астам қаржысын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысында  шенеунік пен кәсіпкер бюджет қаражатын жымқырған

Істің мән-жайын Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Осылайша, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы мемлекетке зиян келтіре отырып, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін ҚР ҚК 361-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша, ЖШС директоры ірі мөлшерде мүлікті ұрлағаны үшін ҚР ҚК 189-бабының 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша сотқа тартылды.

«Сот 2022 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен ЖШС арасында қазандықтарды жөндеуге келісім-шарт жасалғанын анықтады. Осы келісім аясында 2022 жыл ішінде Ақкөл қаласындағы қазандықтарға үш жылыту қазандығын орнату жұмыстарын нақты орнатпай аяқтау актісін рәсімдеген ТОО директоры К. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы В., қазандықтардың орнатылмағанын біле тұра, актілерге және төлемге шот-фактураларға қол қойған. Салдарынан К. 8 миллион теңгеден астам ақшаны жымқырған», деп бөлісті департаменттегілер.

Ақкөл аудандық соты бұл іс бойынша әрбір сотталушыны пробациялық бақылаумен үш жыл алты айға бас бостандығын шектеу жазасына үкім шығарды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының бұрынғы басшысына өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға тыйым салынды, ал кәсіпкер басшылық және қаржылық жауапты қызметтерді атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда күн суытады

Ауа райы • Кеше