Аймақтар • 07 Ақпан, 2025

«Көктем-2025» оқу-жаттығуы басталды

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында «Су тасқыны кезеңінде ТЖ жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбында «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының 1-ші кезеңі басталды.

«Көктем-2025»  оқу-жаттығуы басталды

Оқу-жаттығу азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің және халықтың көктем айларындағы төтенше жағдайларды жоюға дайындығы мен қабілетін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдарының көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайға ден қоюға дайындығын тексеру мақсатында жүргізіледі.

1

Күні кеше Талғар ауданы Тұздыбастау ауылының аумағында өткізілген оқу-жаттығулар азаматтық қорғау жүйесі органдарының күштері мен құралдарын пайдалануды қамтыды. Барлық қызметтер ауылдың негізгі учаскелеріне бөлініп, онда су тасқынының алдын алу шараларын жүргізудің нақты қажеттілігі бары анықталды. Бұл учаскелерде Қотырбұлақ өзенін кеңейту және тереңдету жұмыстары жүргізілді.

Оқу-жаттығу барысында 60 текше метр қатты-тұрмыстық қалдықтар шығарылып, сондай-ақ Қотырбұлақ өзенін 1,5 шақырым ұзындықта кеңейту және тереңдету жұмыстарын жасады.

2

Оқу-жаттығуға облыстық және аудандық азаматтық қорғау қызметтері, №28237 әскери бөлім, аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдары, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары, жергілікті полиция қызметкерлері, сондай-ақ ТЖ департаментінің аумақтық бөлімшелері қатысты.

 

Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15