АСТАНА. 18 маусым. Келесі онжылдықта АҚШ-тың NASA ғарыш агенттігі Юпитердің ең атақты серігі – Еуропаға ұшатын құрылғы жібермек. Бұл туралы NASA-ның ресми сайтына сілтеме жасаған lifenews.ru хабарлады.
Агенттік сайтының хабарлауынша, ғарыштың міндеті қарапайым, ол – ғаламшардан өмір белгісін іздеп табуға талпыну. Еуропа ғаламшарының басты ерекшелігі – оның беті көп шақырымдық мұз қабатымен жабылған. Ал, бұл қалың мұздың астында жердегіден екі есе үлкен шексіз мұхит созылып жатыр. Осы деректерге Галилео деп аталатын ауқымды зерттеу барысында қол жеткізілген еді. Аталған зерттеу жұмыстары өткен ғасырдың 90-жылдары бастау алды.
Судың тұзбен байытылғаны, түбінде тастың бар екендігі, толқыннан туар жылу мен қуаттың белгісі расталса, бұл мұхит қарапайым ағзалардың өмір сүруіне жарамды болуы әбден мүмкін. Келесі ғарыш тапсырмасы біраз уақыттан бері дайындалып келеді. Осыған орай зерттеу құрылғысы 2020-жылдары-ақ Юпитер серігіне жіберіледі деп күтілуде.
Ғарыш құрылғысы ғаламшар бетіне 45 рет ұшырылады деп жоспарланып отыр. Ұшу кезінде құрылғы басқару орталығына сапалы фотосуреттер, сонымен қатар, беткі қабаттың құрылымы туралы мәліметтерді таратады.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: lifenews.kz.
• 18 Маусым, 2015
NASA Юпитердің жер серігінен өмір белгісін іздеуді қолға алды

Футболдан ел кубогінің ширек финалына қай клубтар шықты?
Спорт • Бүгін, 17:32
Астанада Тілендиев даңғылының бір бөлігі 9 мамырға дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 17:27
Азия кубогі: Қазақстан триатлоншылары төрт медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 17:10
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 16:50
Лондонда үстел теннисінен әлем чемпионаты өтіп жатыр
Спорт • Бүгін, 16:22
Grand Slam: Душанбеде Қазақстан дзюдошысы қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:52
Трамп Иранға қарсы соғыстың аяқталғанын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 15:29
Қазақстан қажылары үшін Мекке мен Мәдинада жеңілдетілген бағдарлама іске қосылады
Қоғам • Бүгін, 14:59
«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Бүгін, 12:12
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 11:12
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Оқиға • Бүгін, 10:50