Қоғам • 05 Ақпан, 2025

Қыз алып қашқандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту ұсынылды

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұндай бастаманы Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов көтерген, деп жазады Egemen.kz.

Қыз алып қашқандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту ұсынылды

Фото: Жоғарғы сот

Заңға түзету енгізілсе қыз алып қашқандар 3 - 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазір ұсыныс Қылмыстық кодексті оңтайландыру жөніндегі жұмыс тобында қаралып жатыр.

«Жауапкершіліктің әртүрлі дәрежесі, оның ішінде қылмыстық жауапкершілік те бар. Мәселен, бас бостандығынан айыру, айыппұлдар, қоғамдық жұмыстар жағдайға байланысты сараланады. Кәмелетке толмаған адамға қатысты бір топ адамның әрекеті анықталса, қандай да бір зиян келтірілсе, тиісті жауапкершілік ұсынылған. Сол сияқты біреуді өз еркінен тыс алып қашып, үйінде ұстаса, психологиялық және физикалық қысым көрсетсе, заң жәбірленген адам жағында болуы керек», деді Мұрат Әбенов. 

 

Соңғы жаңалықтар

«Аллажар» – замана аманаты

Қоғам • Бүгін, 10:10

Отандық өнім, озық технология

Экономика • Бүгін, 09:55

Жанға жайлы Жанұзақ

Аймақтар • Бүгін, 09:50

Шаруақор Шарбақты

Аймақтар • Бүгін, 09:45

Автоөнеркәсіп өрісі

Экономика • Бүгін, 09:40

Алаш қаласы қайда?

Тарих • Бүгін, 09:32

Жас буынға тарту

Қоғам • Бүгін, 09:30

Татулықты тұғырлаған белес

Қоғам • Бүгін, 09:25

Саламатты жастар жобасы

Жоба • Бүгін, 09:20

Игілікті еселеген инвестиция

Экономика • Бүгін, 09:15

Абат елдің айшықты бедері

Экономика • Бүгін, 09:02