Жұмыс • 05 Ақпан, 2025

Мыңға жуық адамға берілген мүмкіндік

63 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында халықты жұмыспен қамту бағытындағы жұ­мыс­­ қар­қынды жүріп жатыр. Тек кейінгі бір аптада өңірде 995 жа­ңа жұмыс орны ашылып, 420 адам тұрақты жұмысқа орналас­ты­­­рыл­ды.

Мыңға жуық адамға берілген мүмкіндік

Ең көп жұмыс орны – білім саласында. 112 мұғалім мен тәрбиеші мек­тептер мен балабақшаларға жұ­мысқа қабылданды. Жаңа маман­дар­­дың басым бөлігі Қарғалы ауы­лындағы №1 мектеп-лицейге, Райым­бек ау­­­­да­­­­нын­­­дағы балалар-жас­өс­пі­рім­­дер спорт­ мек­тебіне, Ә.Бейсеуов атын­­­­­­да­ғы орта мектепке орналасқан.

Денсаулық сақтау саласы да жаңа кадрлармен толықты. Алматы облыс­тық балалар клиникалық ауруханасы мен арнайы әлеуметтік қызмет көр­сету орталығына 45 медициналық ма­ман жұмысқа алынды.

Бұдан бөлек, көлік, қойма ша­руа­­­шылығы саласына – 65, өнер­кәсіпке – 24, балық шаруашы­лы­ғына – 15, құрылысқа 10 адам жұ­мысқа қабылданды.

Өңірдегі «Жетісу вольфрамы»­ ЖШС, «Төре жайлау» ЖШС, сон­дай-ақ білім, денсаулық сақтау ұйым­дары негізгі жұмыс беруші ­саналады. Жаңадан ашылған 995 жұмыс орнының 567-сі субсидияланған, 428 бос жұмыс орны enbek.kz пор­талына жарияланды.

«Жаңа жұмыс орындарын ашу – басты міндетіміз. Жұмыс беру­шілермен тығыз байланыстамыз, жұмыс іздеушілерге қолайлы бос орындарды таңдауға көмектесеміз. Әрбір азаматтың тұрақты жұмыспен қам­­тылып, отбасын асырауға мүм­кін­­дігі болуы маңызды», деген­ об­лыс­­тық жұмыспен қамту және әлеу­­меттік бағдарламалар басқар­масының басшысы Айгүл Матан­қызы бұл бағыттағы жұмыс­тың жалғасатынын атап өтті.

Биыл Алматы облысында 61,2 мың­ жаңа жұмыс орнын ашу жос­пар­­ланып отыр. Бұл шара халықтың жұ­мыспен қамтылуын арттырып, өңірдің экономикалық дамуына соны серпін береді.

 

Алматы облысы 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15