
Ата-аналар мен заңды өкілдер есептелген қаражатты бірнеше тәсілмен тексере алады:
- «eGov.kz» электрондық үкімет порталындағы Жеке кабинетте, «Цифрлық құжаттар» бөлімінде;
- eGov Mobile мобильді қосымшасындағы «Цифрлық құжаттар» сервисінде;
- «kids.enpf.kz» сайты арқылы. Деректерде қате болса, не істеу керек? Егер қосымшада немесе порталда бала туралы деректер жоқ немесе қате көрсетілсе, алаңдаудың қажеті жоқ – бұл БЖЗҚ-дағы қаражаттың есептелуіне әсер етпейді.
Деректерді өзектендіру үшін:
- «eGov Mobile» қосымшасындағы «Балалар туралы мәліметтерді өзектендіру» сервисін пайдалану қажет.
- Қажетті деректерді енгізіп, 2-5 жұмыс күні ішінде жаңартуды күту керек.
І. Балалар туралы деректердегі қателерді қалай түзетуге болады?
Егер бала туралы ақпарат дұрыс көрсетілмесе, төмендегі қадамдарды орындау керек:
- Тиісті цифрлық құжатты ашып, жоғарғы оң жақтағы үш нүктені басу қажет.
- «Қате туралы хабарлау» батырмасын таңдап, «Балалар туралы мәліметтерді өзектендіру» сервисіндегі форманы толтыру керек.
- Туу туралы куәлікті тіркеп, өтінім жіберу қажет. Өтінім 2-5 жұмыс күні ішінде қаралады.
ІІ. Баланың деректерін қалай қосуға болады?
Егер жүйеде бала туралы ақпарат көрсетілмесе, ол нысаналы қаражаттың есептелуіне әсер етпейді. Дегенмен, деректерді қосу үшін:
- «Цифрлық құжаттар» бөліміне өтіп, «Отбасы» бөлімін таңдау керек.
- «Баланы қосу» батырмасын басып, қажетті форманы толтыру қажет.
- Туу туралы куәлікті тіркеп, өтінім жіберу керек. Өтінім 2-5 жұмыс күні ішінде қаралады.